Жаңаөзен қаласында болған оқиғаларды ұйымдастырғандар және жасағандар өз жазасын алуға тиіс - Н.Нығматулин

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаларға байланысты өз пікірін білдірді.
None
None

«Жаңаөзен қаласында болған оқиғаларды ұйымдастырғандар және жасағандар өз жазасын алуға тиіс деп есептейміз. Себебі, біздің тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде қол жеткен ең үлкен жетістігіміз ол - халқымыздың бейбіт өмірі, бірлігі мен ынтымағы. Сондықтан, Қазақстанымыздың одан әрі тұрақты дамуы үшін осы ұлы қасиеттерді сақтау, қорғау баршамыздың негізгі міндетіміз», - деді Н.Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар