Жаңаөзен қаласында газ иісіне уланып Өзбекстанның 4 азаматы мерт болды

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы дәмханалардың бірінде газ иісіне уланып 4 адам мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
None
None

Дүйсенбі, 14 қараша күні пештің ақауы салдарынан «ЖанНұр» дәмханасына жапсарлас салынған нысанда көмірқышқыл газына уланып төрт ер адам мерт болды. Оның екеуінің тұлғасы анықталу үстінде. 27 жастағы тағы бір азамат аураханаға жеткізілді. Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Соңғы жаңалықтар