19:01, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Жаңаөзен кедендік басқармасы сырттан әкелінетін кейбір тауар түрлерін қатаң қадағалайтын болды
АҚТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - ҚР Үкіметінің импорттық кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін елімізге әкелуге уақытша тоқтау салу туралы қаулысына байланысты Жаңаөзен қаласында сыртқы экономикалық қызмет және кедендік басқарманың қатысуымен іскерлік кездесу өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу нәтижесінде ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін Жаңаөзен кедендік басқармасы қаулыда көрсетілген тауар түрлерінің сырттан әкелінуін қатаң қадағалайтын болды.