Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот үдерісі шынайы, ашық әрі әділ жүріп жатыр - Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейітмағанбетова

Оның айтуынша, Жаңаөзен оқиғасына қатысты бұл сот процесі шынайы, ашық, әрі әділ жүріп жатыр.
«Мен бүгінгі сот процесі басталғаннан қатыстым. Қазір бүкіл Қазақстан жұртшылығы, қоғам осы сотты бақылауда. Барлығы да соттың ашық, әділ өтуіне тілектес болып отыр. Осы елдің қызы ретінде мен де сот жұмысын өз көзіммен көріп, тікелей қатысуды мақсат етіп келдім. Байқағаным, бүгінгі сотта жауап берген барлық куәгерге қысым болған жоқ. Өздерінің ойларын заңды түрде еркін айтып жатыр. Сотқа айыпталушылар, олардың қорғаушылары, мемлекеттік айыптаушылардың барлығы да өз сөздерін ешбір қысымсыз ашық айтып, еркін жауап алып жатыр. Бұл сот процесі ашық, шынайы, әрі әділ өтіп жатқанына көзім жетті», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Сейітмағанбетова.