Жаңаөзенде 46 нысан тоналып, өртелген - Бас прокуратураның ресми өкілі

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жаңаөзендегі тәртіпсіздік кезінде 46 нысан тоналып, өртелген.
None
None

Бұл туралы бүгін Елордада шұғыл брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Жалпы жаппай тәртіпсіздік барысында 46 нысан өртелген, оның ішінде 8 банк нысаны, банкоматтар мен банктер, «Халық банкі» мен «Альянс банкінің» филиалы, 20 дүкен, оның ішінде қаладағы ең ірі дүкендер болып табылатын «Сулпак» сауда орталығы мен «Атлант» сауда үйі, екі кафе, бір нотариус кеңсесі, екі ломбард, Жаңаөзен қалалық әкімдігі мен Теңге кентінің әкімдігінің ғимараты, бір фотосалон, полицияның екі бекеті, «Ару ана» қонақ үйі, «Өзенмұнайгаз» компаниясының ғимараты, үш жекеменшік үй, 20-дан астам автокөліктер өртелген және зақымдалған», деді ресми өкіл. Сонымен қатар сахна, музыкалық аппаратура, киіз үйлер және орталық алаңдағы жаңажылдық шырша жойылған.

Соңғы жаңалықтар