Жаңаөзенде асылып қалған сарбаздың мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңаөзенде қатардағы жауынгер өз бөлмесінде асылған. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

«2022 жылғы 15 желтоқсан сағат 02.40-та 5548 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі Д. К. Еспосынов жатақхана бөлмесінде дарға асылған күйінде табылды. Марқұмның денесін әріптесі тауып алған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқаны айтылған.

«Өлім себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Д. Еспосыновтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - дейді ведомстводан.

Қатардағы жауынгер Дамир Қайратұлы Еспосынов 2003 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ, бойдақ, білімі орта, Ақтөбе облысының тумасы.


Соңғы жаңалықтар