Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтауда Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу барысы талқыланды. Бұл туралы ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы хабарлайды.

Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынып жатыр
Фото: pixabay.co

— Трансформаторлар қойылатын іргетасқа бетон құю аяқталды, құм төгу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 110 кВ болатын желілік портал, блок-модульдік ғимарат және май қабылдау бойынша жұмыс бітті. Сонымен қатар жерге тұйықтау контурды монтаждау аяқталды. Зауыт алаңын дайындау мерзімнен бұрын, яғни 2025 жылғы 28 мамырда басталып кетті, — делінген хабарламада.

Қазір кәсіпорынды қажетті құрал-жабдықпен қамту қолға алынды. Аталған жоба бекітілген мерзімге сай жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ жоба жетекшісі Бауыржан Сейітқазиев бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтып отыр. 

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзен газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуін Үкіметтің өрескел олқылығы ретінде бағалаған еді. 

Артынша Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Самұрық-Қазынаға» Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын тездетіп салуды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар