Жаңаөзенде қаза болған адамдардың кейбіріне аңшы мылтығының оғы тиген - Н. Сүйіндіков

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жаңаөзенде қаза болған адамдардың кейбіріне аңшы мылтығының оғы тиген.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Жаңаөзендегі тәртіпсіздік барысында қаза болған 14 адамға тоқталған ресми өкіл: «Тергеу қазіргі кезде жүргізіліп жатыр. Оның әрқайсысының қандай мән-жайда құрбан болғандығы анықталады», деді. «Осы қайтыс болғандардың ішінде бытыралы атыс қаруынан (аңшы мылтығы) оқ тигендер бар. Атап айтқанда, полиция, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бытыралы атыс қаруын пайдаланбайды. Олар азаматтық қару болып табылады, яғни қызметтік қаруға жатпайды», деді Н.Сүйіндіков. Осы орайда ол, тексерудің алдын ала мәліметтері бойынша, қайтыс болған 14 адамның ішінде полицияның, құқық қорғау органдарының әрекеттерімен байланысты емес фактілерден мерт болған азаматтар бар екенін жеткізді. «Тергеу барысында әрбір қаза болған азамат бойынша нақты құқықтық баға берілетін болады», деп түйендеді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар