18:50, 16 Қараша 2018 | GMT +5
Жаңаөзенде табиғи газдың жайылуынан тұрғын үй жарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында табиғи газ жайылып, жеке тұрғын үй жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«16 қараша күні сағат 16:15-те Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат-2 шағынауданындағы жеке тұрғын үйде болған жарылыс туралы хабарланды. Оқиға орнына Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 3 техникасы жұмылдырылды. Алғашқы өрт сөндірушілер тобы 16:30-да жетті», - делінген ресми хабарламада.
Онда табиғи газдың жайылуынан газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан аумағы 204 шаршы метрді алатын үй қираған.
Өрт сөндірушілер үйінді астынан екі адамды құтқарды. Жалпы саны үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.