Жаңаөзендегі жұмысшылардың рұқсатсыз ереуілі тоқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары рұқсатсыз акцияны тоқтатып, толық жұмысқа шықты. Бұл туралы ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

— 5 желтоқсанда Өзенмұнайгаз компаниясына қарасты БЖБ жұмысшылары кәсіподағымен кезекті келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде келесі шешімдерге қол жеткізілді: Рұқсатсыз акция тоқтатылды және ӨМГ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары жұмыс орындарына толық оралды. Түсіндіру мен талқылауды талап ететін мәселелер бітімгерлік комиссия отырысында заңға сәйкес құқықтық нормалар шеңберінде қаралатын болады, — делінген компания хабарламасында.
Еске салсақ «ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» компаниясында қалыптасқан жағдайды түсіндірді. Кеше компания тағы да мәлімдеме жасады.
«Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты Бұрғылау басқармасының ереуілге шыққан жұмысшылары қашан толық жұмысқа оралатынын айтты.
Кейін бұл оқиғаға Қанат Бозымбаев пікір білдірді.