Жаңаөзендегі апаттан жарақат алған жүкті әйел сәбиінен айырылды

«Иә, плацента жатырдан бөлініп, ота жасалды. Ол жүктіліктің 17-18-ші аптасында екен. Қазір кеуде омыртқасына ота жасалып жатыр», - деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Серік Асқаров.
Оқиға салдарынан 13 адам орталық ауруханаға жеткізілген.
Оның жетеуі - балалар, олар жарақатының жеңілдігіне байланысты үйлеріне қайтарылған.
Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар травматологиялық бөлімге түскен орташа жағдайда күйік алған 2 кішкентай қыз ем алып жатыр.
Ал реанимация бөліміне түскен ер адамға ота жасалған.
Жалпы жарылыстан 3 науқас ауыр халде жатыр. Оның бірі жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің бақылауында.
Оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалып, барлығы 4 адам қаза тапқанын жазған едік.