Жаңаөзендегі оқиға бойынша сот тыңдаулары ҚР Жоғарғы сотына дейін жетуі мүмкін - Азаматтарға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия төрайымы

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Белгілі заңгер, ҚР Президенті жанындағы Азаматтарға рақымшылық жасау жөніндегі комиссияның төрайымы Зинаида Федотованың пайымдауынша, Жаңаөзенде орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты өтіп жатқан сот ісінің тыңдаулары созылуы мүмкін және бұл іс ҚР Жоғарғы сотына дейін жетуі ықтимал.
None
None

Бұл жайында ол бүгін аталған сот отырыстарына байланысты Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік жөніндегі іс бұдан кейін ҚР Жоғарғы сотында қарастырылуы мүмкін бе?», деген сауалға комиссия төрайымы : «Әрине, ықтимал»,-деп топшылады.

Бұдан бөлек,  «аталған сот отырысындағы айыпталушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына негізделген рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе?»,- деп қойылған сұраққа З. Федотова нақты жауап қайтару қиындау екенін жеткізді. «Менің пайымдауымша, олар бұл заң аясындағы рақымшылыққа іліге алмайды. Осы азаматтар кешірім жасау институтына өтінім жасай алады. Алайда, бұл қылмыстық істер бойынша сот аяқталған жоқ. Сондықтан біз бұл жерде абстрактілік түрде талқылып жатырмыз, ал іс бойынша нақты шешім шығарылған жоқ»,-деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар