Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысты төрт полицейге жаңа айыптар тағылды - ҚР Бас прокуратурасы

АҚТАУ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Полицияның төрт қызметкеріне қатысты Жаңаөзендегі оқиғалар бойынша жаңа айыптар тағылды.
None
None

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті.

Еске салайық, кеше С.Нұрпейісов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, өтініштерін қабылдады.

«Адамдарды полицейлерге қатысты істер қызықтырды. Олар бүгінде полицияның үш қызметкері үй қамауында отырғанынан хабарсыз сияқты. Оларға ату құралын пайдаланумен байланысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Маңғыстау облысы ІІД бастығының орынбасары, экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы мен оперативтік уәкіл айыпталуда. Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті ол.

«Айыптар 24 ақпан күні тағылды, бұлар - ату құралдарын қолданумен байланысты өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша жаңа айыптар», - деп қосты С.Нұрпейісов.

Соңғы жаңалықтар