Жаңаөзендік 20 оқушы Астанаға саяхаттауға аттанды

АҚТАУ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Жаңаөзендік 20 оқушы Астанаға саяхаттауға аттанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушылардың арасынан сабақ үлгерімдері жақсылары ғана таңдалған жоқ, қоғамдық өмірге белсене араласатын, спорт пен өнерде өздерінің жетістіктерін көрсетіп жүрген жас өрендер де қамтылды.

Жаңаөзен қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі Қатира Боранбаеваның айтуынша, каникул кезінде оқушыларға ел ордасы - Астанаға саяхат сыйлығын ұсынған қалалық әкімдіктің жанындағы «Жарылқау» қоры.

Оқушылар Астанаға барғанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұражайын тамашалап, Тәуелсіздік, Бейбітшілік және келісім сарайларында, "Бәйтеректе", «Қазақ елі» монументінде болады.

Есіл өзенінің жағалауында қыдырып, басқа да көрікті орындарды қызықтайды.

Аталған орындардың қай-қайсы да ел тәуелсіздігінің жарқын символы, қазақ елінің қысқа мерзімдегі әлемді таңдай қақтырған, ғасырға бергісіз жетістіктерінің «мен мұндалап» тұрған куәсі, Елбасымыздың жүзеге асқан асыл арманы.

Соңғы жаңалықтар