Жаңаөзендік студент Қазақстанның Кореядағы елшілігінде дауыс берді
СЕУЛ. KAZINFORM — Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникация орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Оңтүстік Кореяның Сеулдегі № 390 учаскеде «Yonsei University language institute» студенті, отандасымыз Жанарыс Малик өз таңдауын жасады. Ол және өзге де қазақстандықтар дипломатиялық өкілдіктердің күш-жігерінің арқасында референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

— Мен Жаңаөзен қаласының тұрғынымын. Осы Сеулдегі Yonsei тіл институтының студентімін. Өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды беріп жатырмын. Шетелде дауыс беру күні, туған жерден жырақта жүрген біз үшін тек саяси еріктерін білдіретін күн ғана емес, сонымен бірге отандастарымыз кездесудің, соңғы жаңалықтарды талқылаудың және демалыс күнді жерлестердің ортасында өткізудің тамаша мүмкіндігі», - дейді Жанарыс Малик.