Жанар Досаева Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін басқарады

АСТАНА. KAZINFORM – Жанар Досаева Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жанар Досаева ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Жанар Рысбайқызы Досаева Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

1974 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің Талдау, мониторинг және жастар саясаты бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2003–2007 жылдары — Мемлекеттік білім беру және тестілеу стандарттары ұлттық орталығының әкімшілік-талдау бөлімінің бастығы.

2008–2017 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды.

2019–2025 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Цифрлық даму вице-министрі ауысқанын жаздық.

Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар