12:18, 09 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Жанар-жағармай бағасы төмендейдi - Ұ. Қарабалин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм еттi.
«Жанар-жағармайдың бағасы төмендейдi ме? Жауап: иә. Жақында құнын Үкiмет қадағалайтын мұнай өнiмдерiнiң бағасы түседi деп жоспарлануда. АИ-92 бензинi - литрi үшiн 128 теңгеден 115 теңгеге, АИ 80 - бұрынғы деңгейінде, 89 теңге деңгейiнде қалады. Дизель отыны 115 теңгеден 107 теңгеге түспек», - дедi Ұ. Қарабалин.
Еске сала кетейiк, бұның алдында депутат Мұхтар Тiнiкеев елдегi жанар-жағармай бағасы 115 теңгеге түсуi ықтимал деп хабарлаған болатын. Бүгiн вице-министр бұл болжамды растады.