Жанармай стансасына қарақшылық шабуыл жасаған полицей болып шықты

 АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай стансасына қарақшылық шабуыл жасаған қызмыскердің әрекеті үшін кешірім сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Жанармай стансасына қарақшылық шабуыл жасаған полицей болып шықты

Министрліктің ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың ақпаратына сәйкес, криминалды полиция қызметкерлері Астана-Көкшетау тасжолындағы жанар-жағарамай стансасына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Қазіргі кезде оны уақытша қамау абақтысында ұстап отыр.

«Шабуыл кезінде ол бетпердені қиіп алып, кассирді қарумен қорқытқан. Сөйтіп, 1 миллион теңге көлеміндегі ақшаны үптеп кетті. Өкінішке қарай, ұсталған азамат полиция қызметкері - Шортанды аудандық ішкі істер бөлімі уақытша қамау изоляторының бастығы болып шықты», - дейді А.Сәдубаев.

Оның айтуынша, қару-жарақ пен ұрланған ақша тәркіленді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр.

«Біздің қызметкеріміз жасаған заңсыз әрекеті үшін xалықтан кешірім сұраймыз», - деп атап көрсетті А.Сәдубаев.