Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — Тұрар Әлімжан Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрар Қамбарұлы Әлімжан
Фото: Энергетика министрлігі

Тұрар Қамбарұлы Әлімжан — «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы University of Southampton университетін «электроэнергетика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «KEGOC» АҚ-да жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрослесарь болып бастап, кейін құрылыс саласында және мемлекеттік қызметте жалғастырған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінде бас маман қызметінен бастап, Электроэнергетиканы дамыту департаментінде басшылық лауазымдарға дейін қызмет атқарды. Осы кезеңде жылу және электр энергетикасы салаларын трансформациялау жөніндегі реформаларды үйлестірді.

Бұдан бұрын Алматы облысы энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар