Жаңартылатын энергия көздері саласындағы орталыққа жаңа басшы келді
АСТАНА. KAZINFORM — «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры болып Сергей Алеев тағайындалды.
Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев жаңа басшыны ұжымға таныстырды.
Сергей Маратұлы Алеев жаста, Целиноград қаласында дүниеге келген. 2009 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Еуразия гуманитарлық институтын, 2013 жылы — «Құқықтану» мамандығы бойынша Қонаев атындағы Гуманитарлық Университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша салық басқармасында бастаған. 2021 жылдан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының аудит бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2024 жылдан бастап «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы болып қызмет атқарды.
2025 жылғы қазан айынан бастап «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
Осыған дейін ҚР Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалғанын жаздық.