08:12, 28 Шілде 2017 | GMT +5
Жанат Жақияновтың болуы мүмкін қарсыласы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстікирландиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) қазақстандық Жанат Жақияновты (27-1, 18 КО) өзінің әлеуетті қарсыласы ретінде қарастырады, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның хабарлауынша, таяуда ғана IBF-тің әлем чемпионы белбеуіне ие болған жеңіл салмақтағы Барнетт өзінің келесі айқасын 21 қазанда Белфастта (Солтүстік Ирландия) өткізбекші. Оның қарсыласы WBA титулының иегері Жақиянов болуы әбден мүмкін, алайда пуэрторикалық Эммануэль Родригестің де есімі (16-0, 11 КО) қарсылас болуға үміткер ретінде аталды.
Барнеттің өзі келесі қарсыласының есімі белгілі болғандығын және жуық арада жарияланатындығын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін солтүстікирландиялық промоутер Элли Хирн Барнетт пен Жақиянов арасында жекпе-жек өткізгісі келетіндігін айтқан болатын.