Жаңаталап ауылының тұрғындары балық өңдейтін жаңа цехтан жұмыс тапты

АТЫРАУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Жаңаталап ауылында балық өңдеумен айналысатын жаңа цех ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Цехты Жайық өзенінде балық аулау лицензиясына ие «Жемчужина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашып отыр. Заманауи неміс жабдықтарымен жарақталған жаңа цехта бекіре тұқымдас балықтардың өнімдері өндірілетін болады. Өнімнің бір бөлігін шаруашылық экспортқа жөнелтпек. Жаңа цехта Жаңаталап ауылының 10-нан астам тұрғыны жұмыс тауып отыр.
Соңғы жаңалықтар