17:00, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Жаңажылдық демалыста - денсаулықты шынықтыру» - Семейде дзюдодан мектеп оқушыларының жарысы өтуде
СЕМЕЙ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Жаңажылдық демалыста - денсаулықты шынықтыру» - Семейде сейсенбі күні, қаңтардың 5-інде басталған дзюдодан мектеп оқушыларының жарысы осындай бастаманы ту етті.

«Жас қанат» балалар бос уақытын ұйымдастыру орталығының жетекшілері - жарысты ұйымдастырушылар - дзюдоның жастар арасында барынша кең танымал болып отырғанын айтты. Мектеп оқушыларының демалыс уақыттарында өткізілетін турнир қазіргі уақытта дәстүрге айналды және жыл өткен сайын қатысушыларды көптеп тарта түсуде.
Қалалық чемпионатқа 1996-1998 жылдары туған жас споршылар қатысуда. Жарыс екі күнге созылады.