Жаңажылдық мереке күндері төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері күшейтілген тәртіппен жұмыс жасамақ

ОРАЛ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жаңажылдық мереке күндері облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген тәртіппен жұмыс жасап, көпшілік орындар бақылауға алынбақ.
None
None

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады. Биыл мереке қарсаңында түнгі клуб, кафе-мейрамхана сынды 112 нысанға тексеру жүргізіліп, 521 ереже бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуға жол берген 65 тұлға 735420 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. БҚО бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына бір талапарыз беріліп, өрт қауіпсіздігін сақтамаған ғимарат жұмысын тоқтату жөнінде алты материал әзірленуде. Білім беру, мәдениет, басқа әлеуметтік нысандарға да өрт-техникалық тексерістер жүргізілді.

Пиротехникалық бұйымдарды сатуға рұқсаттың бар-жоғын анықтау мақсатында сауда орындарына 117 бірлескен рейд ұйымдастырылып, 9 ереже бұзушылық анықталды.

Соңғы жаңалықтар