08:47, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жаңажылдық мерекелер Павлодарда пиротехникалық шусыз өтті
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Полицияның профилактикалық жұмыстарының арқасында жаңажылдық мерекелер биыл Павлодарда әдетте тұрғын үй орамдарын шуға толтыратын петарда жарылыстарынсыз өтті.

Желтоқсан айында тәртіп сақшылары өртке қарсы қызмет, техникалық қадағалау және кедендік бақылау қызметтерімен бірлесе отырып, сауда нүктелеріне рейдтер жасады, сөйтіп облыс аумағында пиротехниканың кез келген жерлерде сатылуы фактілерін анағұрлым кемітті.
137 базарды, дүкенді, сауда және пиротехника сақтау орындарын тексерген рейдтік бригадалар, 14 заң бұзу фактісін анықтады. Материалдар аудандық соттарға жөнелтілді. Алты жүздей пиротехникалық бұйым салынған 26 қорап тәркіленді, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан.