Жаңажылдық тарту ретінде Макин қаласында мұз айдыны пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданының орталығы Макин қаласында жиырма жыл қараусыз қалған стадионда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп мұз айдыны жұртшылық игілігіне берілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың айтуынша аумағы 180 шаршы метр айдын қоршалып, жер асты суы тиісті технологияға сәйкес қатырылған. Жалға конькилер беру, сырт киімдерін ауыстыру, бір мезгіл ыстық шай қабылдау үшін қажетті шаралар шешімін тапқан. Қазір бір мезгілде 60 келуші жылтыр мұз үстінде сырғанақ тебе алады. Осы мақсатқа «Акр-тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 5,2 миллион теңге қаржы қарастырып, барлық жұмыстарды өз күштерімен атқарып шыққан. Онымен қоса айдын іргесінде қысқы қалашық салынып, балғындардың ойын-сауық құруына мүмкіндік жасалған. Осындағы ертегілер кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар әсем безендірілген.

Соңғы жаңалықтар