Жәнібек Әлімханұлы екі бірдей белбеуге талас алдында «жыл нокаутына» уәде берді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ боксшысы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sports.kz. жазды.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында маңызды жаңалығымен бөлісті. Былғары қолғап шеберлерінің текетіресі 13 шілдеде (Қазақстанда 14 шілде күні таңертең) Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде өтеді.
«Менен тек чемпиондардың қорыққанын қаламаймын. Рейтингтегі бірінші және екінші нөмірлер де менен қорыққанын қалаймын. 13 шілдеде жыл нокаутын көрсетемін», — деп жазды жаттығу барысынан.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен қарсы жекпе-жекке өткен жылдың қазан айынан бері алғаш рингке шықпақшы.
I don't want only champions to afraid me. I want the first second numbers in the ranking to be afraid of me too.
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) June 28, 2024
On July 13th I will show you the knockout of the year. pic.twitter.com/TqSe1Pqsq9