Жәнібек Әлімханұлы IBF әлем чемпионы титулын сақтап қалды
АСТАНА.KAZINFORM — Халқаралық бокс федерациясы (IBF) ақпан айына арналған жаңартылған рейтингісін жариялады.
Жаңартылған рейтингіге сәйкес, қазақстандық боксшы допинг дауына қарамастан ұйымның орта салмақтағы әлем чемпионы титулын сақтап қалды.
Айта кетерлігі, тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек бірінші жеңіл салмақта 3-орыннан көрінді.
Қазіргі уақытта Жәнібек кәсіпқой рингтен бір жылға шеттетілді. Боксшы жыл соңында міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс.
Осыған дейін хабарлағандай, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлына тыйым салынған мельдоний заты бойынша оң нәтиже көрсеткен допинг сынамасына байланысты шешім шығарып, чемпиондық атағын қалдырған болатын.
Сондай-ақ Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков спортшының ағзасына допингтің қалай түскені туралы айтып берді.
Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын 2026 жылғы 31 мамырға дейін жарыстан шектеді.