Жәнібек Әлімханұлы қатысатын бокс кеші қай телеарнадан көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен 5 сәуірде Астана қаласында өтетін «Battle of the Brave» кәсіпқой бокс кешінің қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Жәнібек Әлімханұлы қатысатын бокс кеші қай телеарнадан көрсетіледі
Фото: Күнсұлтан Отарбай/Kazinform

Елордадағы «Барыс Арена» болатын спорттық шара көпшілік назарына тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы ұсынылады. Сондай-ақ әлем жұртшылығы оны белгілі ESPN спорт каналы арқылы тамашалай алады. 

Бокс кешінің бағдарламасында өзге де қазақстандық спортшылар сынға түседі. Атап айтқанда, жанкүйерлер Сұлтан Зауырбек пен Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев пен Кейн Гарднер, Балауса Мұздиман мен Розалинда Родригес жекпе-жегін көруіне мүмкіндігі бар.

Оған қоса кәсіпқой рингте ағайынды Сабырхандар — Махмұд пен Төрехан, оған қоса өзбекстандық Баходир Жалоловтың бәсекесі өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне билеттер сатылымға шыққанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар