Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM – WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда жекпе-жек өткізеді.

Жәнібек
Фото: «Qazsport» телеарнасы

Қазақcтандық боксшы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізейін деп отыр. Жоспарланған жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді.

Кәсіпқой бокс кешін 4 қазан күні «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Эфир уақыты қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда кездесу алдында «Қазақ стилі» салмақ қуамын деп, сәтсіздікке ұшырап, ағзаға су жетіспеушілігінен есінен танып, ауруханаға түскен болатын. 

Соңғы жаңалықтар