Рой Джонс: Жәнібек – орта салмақтағы ең үздік боксшы

АСТАНА. KAZINFORM – Аты аңызға айналған америкалық былғары қолғап шебері кіші Рой Джонс WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы Sports.kz жазды. 

Жәнібек орта салмақтағы ең үздік боксшы – Рой Джонс
Коллаж: Offside.kz

Танымал боксшы YouTube-тегі SPORT+ арнасына берген сұхбатында Жәнібектің үздік екенін айтты. 

– Жәнібек – орта салмақтағы ең үздік боксшы. Ол әлемге өзінің мықтылығын көрсетуі, дәлелдеуі керек.  Бұл алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе, - деді америкалық спортшы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалғанын жазғанбыз. Осы жағдайға байланысты Жәнібек Әлімханұлы мен Лараның жекпе-жегі ресми түрде тоқтатылған болатын. 

Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан спортшының допингке қатысты жағдайы қалай болып жатқаны және бұдан кейін қалай өрбитіні туралы айтты. 

Соңғы жаңалықтар