Жаңбыр, найзағай, жел: Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – 26 мамыр күні Қазақстанның 17 өңірінде найзағай, бұршақ, қатты жел және өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласында солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Алматы қаласында кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 18-23 м/с.
Шымкент қаласында найзағай болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Өңірде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ және жел күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр, кей жерлерде қар жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде оңтүстігі мен шығысында 15-18 м/с жылдамдықпен соғады. Батысы мен оңтүстігінде жоғары, ал оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Солтүстігі мен шығысында жоғары, ал оңтүстігі мен батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыса отырып, осы өңірлерде 18-23 м/с, кей жерлерде 28 м/с-ке дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел батысы, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарда 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік пен оңтүстігінде жоғары, ал батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысында түнде найзағай, күндіз солтүстік, орталық және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысы, орталығы мен таулы аудандарында 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетеді. Солтүстігі мен орталығында жоғары, шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, ал күндіз батысы, шығысы және оңтүстігінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай, түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік, шығыс және оңтүстігінде 15 м/с. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с, күндіз де осы деңгейде соғады. Өңірде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі бар. Ақтау қаласында 26 мамыр күні жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Күндіз оңтүстігі мен орталығында найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз де осы деңгейде болады. Түнде батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік болады. Шығысында жоғары, батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз солтүстік, оңтүстік және шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстігі мен шығысында, күндіз 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай, ал солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстігі, оңтүстігі мен таулы өңірлерінде 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары, солтүстігі мен шөлейт және таулы етектерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік, шығыс және оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, ескерту хабарламаларын назардан тыс қалдырмау ұсынылады.