Жаңбыр, тұман, жел: 14 маусымға арналған ауа райы болжамы ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 14 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамы жарияланды. 

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Синоптиктер мәліметінше, республиканың көп бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.

— Найзағаймен жаңбыр жауады. Күндіз елдің солтүстігінде жауын құяды. Батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ жауады. Солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман болады. Республика бойынша жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.

Күн құбылмалы болғанымен бірнеше өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

— Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Палодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі, — деп қосты мамандар.

Сонымен қатар Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда, Атырау облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұдан бөлек күндіз Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер маусым айы қандай болатынын болжаған еді.

Соңғы жаңалықтар