Жаңбыр, жел, тұман: Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – 29 қазан күні еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Абай облысында солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында да өрт қаупі жоғары болып қала береді.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде күндіз найзағай болады. Түнде және таңертең оңтүстікте, таулы аймақтарда тұман түседі. Таулы өңірлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, ал орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз шығыста және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында және таулы аудандарында түнде, ал күндіз таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Таулы асуларда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі байқалады.
Айта кетейік, бұған дейін ел мегаполистерінде алдағы үш тәулікте күн райы қандай болатыны хабарланды.