23:53, 18 Қаңтар 2023 | GMT +6
Жандарбек Төребеков Екібастұз әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Жандарбек Төребеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жандарбек Төребеков 1994 жылы туған. Жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі алты жылдан асады. ⠀
Ол еңбек жолын Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып бастаған. Әр жылдары Ақсу қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, Ақсу қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
Бұл уақытқа дейін Жандарбек Төребеков Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастырушылық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында еңбек еткен.