Жәндіктер мен кеміргіштерді жою: Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады

АСТАНА. Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Астанада көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды.  

Астана
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзендер, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады. 

Жеке сектор тұрғындары арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 тур арқылы өңдейді, яғни, дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді. 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр. Үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерде немесе үйдің төбесінде сақтау керек.

Дератизация ашық алаңдарда жүргізіледі. Улы препараттармен өңдеу өзендердің, каналдардың, су айдындарының жағасында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3 264 гектарды құрайды.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар