Жандос Шаймарданов: Қоғам билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікке қатысты сұрақтар көтеріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның жобасында қандай мәселелер алаңдатып отырғанын айтты. 

Жандос Шаймарданов: Қоғам билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікке қатысты сұрақтар көтеріп жатыр
Фото: видеодан алынған скрин

— Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата заңда адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы қалай бекітілетіні, азаматтарды заң алдында қорғаудың түсінікті әрі біркелкі ережелерін қалай қалыптастыратыны маңызды болып отыр. Осы тұрғыда Конституция жеке адамның еркіндігі мен ұлттық мүдде арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады, — деді ол.

Институт басшысы мүдделер теңгерімі мәселесі халықты тек адам құқықтары мен бостандықтары аясында ғана емес, халықаралық міндеттемелер, ұлттық мүдделер, заңнама тұрғысынан да ойландыратынын атап өтті.

— Нәтижесінде қайсысына басымдық берілуге тиіс деген сауал туындайды. Бірін екіншісіне тәуелді етіп қоймаймыз ба деген күдік те бар. Қоғам қазіргі ұсынылып отырған өкілеттіктердің бөлінісі аясында билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікке қатысты сұрақтар көтеріп жатыр. Қоғам өз билігін саяси билікке табыстағандықтан, Президент, Құрылтай, Қазақстан халық кеңесі арасындағы өкілеттіктердің бөлінісі қандай болмақ деген сұрақтар да кездеседі, — деді Жандос Шаймарданов.

Айта кету керек, өткен апта аяғында жарияланған жаңа Конституцияның жобасында мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы норма 9-бапта орналасқан. Ол жерде мемлекеттік тіл — қазақ тілі екені, ал мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны айтылған

Соңғы жаңалықтар