Жандос Шаймарданов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет қаулысымен Жандос Шаймарданов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жандос Шаймарданов
Фото: Үкімет

1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.

2010–2013 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ менеджері.

2013–2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.

2014–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2016–2019 жылдары — Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарушы директоры.

2019–2020 жылдары — «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы.

2020–2022 жылдары — ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.

2022–2023 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.

2023–2025 жылдары — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

Бұған дейін СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар