Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 1105 студентпен толықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жарты ғасырдан астам тарихы бар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті биыл 1105 студентпен толықты.
None
None

Бұл туралы Білім күніне орай өткен салтанатты жиында университет ректоры міндетін уақытша атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Серғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, соның 384-і - мемлекеттік грант иегерлері. Машина жасау факультетінің студенті атанған Ксения Быкова - «Алтын белгі» иегері. Жиында 1 курс студенттеріне студенттік билеттері мен сынақ кітапшалары салтанатты түрде табыс етілді.

Шара барысында университет ректорының кеңесшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Бозымов, «Caspian Proger engineering & consulting LLP» ЖШС резидент менеджері Гаетано Криши, университет ардагерлер кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Әскерғали Шамғонов, машина жасау факультетінің 4 курс студенті, Президенттік шәкіртақы иегері Асыланбек Аткешов түлектері әр қиырда табысты еңбек етіп жүрген осындай ЖОО-да білім алу мәртебе екендігін атап өтіп, бүгінгі студенттердің болашақ мықты кадр болып шығуларына тілектестігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар