12:03, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Жәңгір хан атындағы университетте «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ай бойына созылған жарыс барысында волейбол, үстел теннисі, нысана көздеу, қол күресі, шағын футбол сынды спорт түрлерінен 400-ге жуық оқытушы-қызметкерлер сынға түсті. Волейболдан қауіпсіздік қызметінің командасы жеңімпаз атанса, шахматтан агробизнес және экология факультеті жеңіске жетті. Нысана көздеуден әскери кафедра оқытушылары мергендік танытса, үстел теннисі, қол күресі, шағын футболдан машина жасау факультеті озып шықты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.