Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте 66-орынға жоғарылады

Еске сала кетсек, кәсіпқой боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін бүгін өткізіп, «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) нокаутқа жіберген болатын.
Осынау жарқын жеңіс BoxRec рейтингінде боксшы 66 позицияға бір-ақ көтеріліп, 84-ші орынға шығып отыр.
Шетелдік сарапшылардың көбі Әлімханұлы туралы тамсана ой бөлісіп жатыр. Тіпті оны қазірдің өзінде болашақ әлем чемпионы деп атап жатқандар бар.
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 2016 жылдың қазан айында дебюттік кездесу өткізген болатын. Алайда арада көп өтпей Жәнібек шаршы алаңнан көрінбей кеткен еді. Алайда америкалық әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімге қол қойғаннан кейін Жәнібек 2018 жылдың қыркүйек айында қайтадан жасындай жарқылдай бастады.
Жәнібекті отандастарымен бірге шетелдегі жанкүйерлері де құттықтап жатыр. Боксшы бүгін инстаграм парақшасында құттықтаушылардың бірі - америкалық кәсіпқой боксшы Андре Уорд болғанын жазып, әйгілі боксшымен бірге түскен фотосуретін жариялады.