18:26, 06 Қыркүйек 2022 | GMT +5
Жәнібек Әлімханұлы бокс чемпиондарына үндеу жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлемдік боксшыларға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат спортшының желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Мен боксшылардың неліктен барлық титулдарды біріктіргісі келмейтінін түсінбеймін. Менің титулым бар. Бірігейік, чемпиондар!», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған.
ҚР Президенті Жәнібек Әлімханұлын құттықтап, қ азақ бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз деді.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly