18:48, 27 Тамыз 2022 | GMT +5
Жәнібек Әлімханұлы Президентке уәде берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құттықтау жолдап, қанаттандырғаныңызға көп рақмет.
Жаңа Қазақстанның жаңа әлем чемпионы атанып, қазақ елін қуантқаныма қуаныштымын.
4 жыл бұрын тарих жасаймыз деп Америкаға аттанып едік. Бүгін, міне WBO-ның әлем чемпионы титулын алған тұңғыш қазақ атандық! Қазір әлемдік спорт журналистері QAZAQ STYLE туралы жарыса жазып жатыр!
Біз енді бастадық! Бұйыртса, төрт салмақта әлем чемпионы атанамыз! Әлемге QAZAQ STYLE-дың ерекше әлі мықты стиль екенін паш етеміз, тарихта қалдырамыз!» - деп жазды былғары қолғап шебері.
Айта кетейік, бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын құттықтаған болатын.
Фото:sports.kz