Жәнібек Әлімханұлы- Стивен Мартинес айқасы: Букмекерлер кімнің мықты екенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат -1XBET букмекерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) мен америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің котировкасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Әлімханұлының жеңісі - 1.25, Мартинес жеңісі - 4.08, тең - 26.

Жәнібек Әлімханұлы- Стивен Мартинес жекпе-жегін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы 3 ақпан, Астана уақытымен сағат 07.30.

Еске сала кетсек, бүгінгі жекпе-жек алдында қарсыластар дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Әлімханұлының салмағы 162 фунт, ал Мартинестің салмағы 160,4 фунтты құрады.

Жәнібек профи-рингтегі төртінші айқасын өткен жылдың қараша айында «Жыртқыш» лақап атымен танымал америкалық Александр Вонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар