Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінің үздік үштігіне кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Орта салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді. Тізімде Мексика боксшысы Хайме Мунгия көш бастап келсе, екінші орында украиналық боксшы Сергей Деревянченко тұр. WBC-дің орташа категориядағы әлем чемпионы – АҚШ спортшысы Джермалл Чарло.

Еске сала кетсек, 27 маусым күні Лас-Вегаста өткен жұдырықтасуда Жәнібек WBA-ның орташа дивизионда бұрынғы әлем чемпионы Ром Брантты техникалық нокаутпен жеңді. Ол кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді

Сондай-ақ рейтингте тағы бір қазақстандық боксшы – Мейірім Нұрсұлтановтың есімі тұр. Ол тізімде 14-ші орында орналасқан.


Соңғы жаңалықтар