Жәнібектік оқушылар Сталинград шайқасы туралы конференцияда бірінші орынды иеленді - БҚО

ОРАЛ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Жәнібектік шәкірттер көршілес Волгоград облысының Палласовка ауданының орталығында Сталинград шайқасындағы жеңістің 70 жылдығына арналып оқушылар мен студенттердің зерттеу жұмыстары бойынша өткізілген «Сталинград шайқасы. Халықтың ұлы ерлігі» атты бірінші халықаралық конференциядан жеңіспен оралды.
None
None

Конференция жұмысына Волгоград облысына қарасты Палласовка, Калач, Николаев, Красносельск аудандарының және Қазақстаннан Жәнібек ауданы орталығындағы №1 орта мектеп пен Жәнібек колледжінің оқушылары мен студенттері қатысып, Сталинград шайқасы туралы 5 бағыттан тұратын ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілік талқысына салды.

Аталмыш конференцияның қорытындысы бойынша Жәнібек ауданынан барған оқушылар мен студенттер жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал жекелеген оқушылар мен студенттер арасында мазмұнды ғылыми баяндамасымен айрықша көзге түскен Жәнібектегі №1 жалпы білім беретін орта мектептің 11 сынып оқушылары Саясат Болатов, Айсауле Болатова бірінші орынға ие болса, осы мектептің 11 сынып оқушысы Айымгүл Ысқақова үшінші орыннан көрінді. Ал Жәнібек колледжінің студенті Әсел Құбашева екінші орын алды. Жәнібектен қатысқан жас талапкерлердің барлығы да Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталуына аудан халқының зор үлес қосқанын дәлелдеп шықты.

Соңғы жаңалықтар