«Жанымда жүр жақсы адам...»: Астанада 8 наурыз қарсаңында фотобайқау өтеді

АСТАНА.KAZINFORM - 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы «Жанымда жүр жақсы адам...» атты фотобайқау өткізуді қолға алды, деп жазды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Жанымда жүр жақсы адам...»: Астанада 8 наурыз қарсаңында фотобайқау өтеді
Фото: Астана әкімдігі

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы 35 жасқа дейінгі табысқа жеткен, карьераны, отбасын және жеке дамуын үйлестіре білген жігерлі әрі шабыттандыратын қыз-келіншектердің виртуалды көрмесін ұйымдастырып жатыр.

Байқауға кімдер қатыса алады:

• 35 жасқа дейінгі;

• өз саласында жетістікке жеткен;

• қоғамға үлес қосып жүрген;

• жастарға үлгі бола алатын.

Қатысу үшін кемінде 200 сөзден тұратын жетістік тарихын (үшінші жақта – туыстарының, достарының немесе әріптестерінің атынан) дайындап, 1:1 форматтағы сапалы фотосуретті қоса жариялау қажет.

Жарияланымды өз парақшаңызға орналастырып, #8наурыз, #Жанымдажүржақсыадам хэштегтерін көрсету, @astana_jastary парақшасын белгілеу және жарияланымды сториске бөлісу қажет.

Жұмыстар 5 наурызға дейін қабылданады. Үздік оқиғалар «Астана Жастары» орталығының ресми парақшасында жарияланады.

Айта кетейік, жапанда жалғыз дерлік қыстайтын шопанның бір күні туралы фоторепортаж дайындаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум