Жәния Әубәкірова «Гарри Поттердің» әуенін орындап жұртты таң-тамаша етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің амфитеатрында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қайталанбас гала-концерті болып өтті. Жұма күнгі концерттердің біріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Көрменің амфитеатр сахнасында көрерменнің көңіліне терең әсер қалдырған үш музыкалық кеш ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейде мойындалған музыканттар мен консерваторияның жас таланттарының орындауындағы симфониялары легі, хор, рухани әрі халықтық музыка түрлері меймандарды ерекше тебірентті.

«Консерватория студенттерінің дәл бұлай өнер көрсететін көрермендер күтпеген секілді. Бірақ біз соңғы 15 жылда, ең күрделі бағдарламалармен әлемнің ең беделді сахналарында өнер көрсеттік. Классикалық және халықтық музыканың неғұрлым демократиялық нұсқасын іздеудеміз. Бұл - әлем хиттары. Әрине, алаң ашық болғанда көшедегі адамдар би билей алатындай әсем саздарын орындап беруге де тырысамыз. Неліктен бұлай етпеске?» - дейді консерваторияның ректоры Жәния Әубәкірова.

Қазақстанның халық әртісі көрме көрермендері үшін ешкім күтпеген музыкалық тосынсый даярлап әкеліпті. Әдетте орындалатын Иоганн Себастьян Бахтың туындылары емес, бір мезетте сахнада «Гарри Поттер» мен «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдерінің партитрулары ойнай кетті. Консерваторияның симфониялық және халықтық оркестрлерімен бірге танымал пианиношы сүйікті фильмдердің саундтрегін орындады.

«Маған «Гарри Поттердің» музыкасын орындау туралы ұсыныс келіп түскенде өте қуанып кеттім. Себебі, бұл туынды шынымен де, тым күрделі. Шілде айы бойы тапжылмай «Гарри Поттер» фильмінің музыкасын үйреніп алдым. Алдағы уақытта Афина мен Венада, Гонконг пе Делиде концерттер өткіземін. Ол жақта міндетті түрде қуана-қуана осы туындыларды орындайтын боламын», - деп өз ойымен бөлісті әртіс.

Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі әнші Карина Абдуллина да Жәния Әубәкірованың өнердегі тың қадамына жоғары баға берді.

«Шоу, әрине, керемет болды! Өз басым рахаттанып қалдым. Тағы бір мәрте Жәния Әубәкірованың ерекше талант иесі екеніне көз жеткізіп отырмын. «Гарри Поттер» және «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдерінің музыкалары керемет деңгейде орындалды. Өнердегі мұндай батыл қадамды Қазақстан түгілі әлемде әлі ешкім жасап көрген жоқ. Өзім 1998 жылы бітірген консерваторияның қазіргі таңда дәл осындай кәсіби тұрғыда алғыр музыканттарды дайындап жатқанына қуаныштымын», - деді ол концерттен кейін.

Кеште сонымен қатар, халықаралық музыкалық марапаттардың жеңімпазы, «Грэмми» сыйлығының иегері Гэза Легоцки да (Швейцария) өнер көрсеткенін атап өту керек. Онымен бірге итальяндық трубашы Марко Пьеробон да Астанаға тұңғыш рет келіп отыр. Жалпы, ұмытылмас шоуды дайындауға 300 адам жұмылған. Олардың ішінде 270-і - музыканттар. Жәния Әубәкірова концертітң бағдарламасын студенттермен бірге әзірленгенін, сондай-ақ жастардың батыл тәжірибелерін әрдайым қолдауға дайын екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар