12:29, 22 Мамыр 2025 | GMT +5
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Испаниядағы турнирде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, отандасымыз 13 жасқа дейінгі жастар санатында үздік атанып отыр.
Жарыс жолында Жәния Италия, Испания, Мажарстан, Германия және Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен жеңіп, қатарластарынан бір бас жоғары екенін көрсетті.
Айта кетейік, Бекмұхамбетова мұның алдында Болгариядағы турнирде жеңіске жеткен болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ITF Futures Series турнирі өтетінін хабарлаған едік.