Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияда өткен турнирде алтын еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.
Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.
Сонымен қатар, Қазақстанның үстел теннисі командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Словакияның Сенец қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырынан көрінгені хабарланды.
Жәния Бекмұхамбетова бұнымен тоқтап қалмай, үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде де топ жарды.